Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, елімізде 152 мыңнан астам трактор, 41 мыңдай астық жинайтын комбайн бар. Тракторлардың 84 пайызы, комбайндардың 54 пайызы 15 жылдан артық қолданыста жүр. Оның ішінде 20 мыңға жуық трактор мен 2800 комбайн істен шыққан. Ал шынайы пайдалану мерзімі 20-25 жылдапн асып кеткен.
Былтыр ауылшаруашылығы министрлігі отандық техникадан екі есе қымбат импортты агротехникаға субсидия берген. Алайда жаңару байқалмайды. Осыған орай Үкімет ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін қолдауға қатысты шаралар қабылдамақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу