Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы арасында сиыр еті бағасын тұрақтандыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелер алды:
- ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеу;
- сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыру;
- ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген 3275 теңге өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;
- ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді.
Сонымен қатар ет өнімдерін ішкі нарыққа бағыттау бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіру міндеті жүктелді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі меморандум шеңберінде ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу