Сөздерінше, өткен жылы 40 млрд теңгеге мыңға жуық фермер трактор мен комбайн алған. Сол кезде ақшаның жетпей қалу салдарынан 300 қожалық иесі бағдарламаның қызығын көре алмапты.
"Бөлінген қаржы шектеулі болды. Сондықтан тек бір техника ала алдық. Көп шаруалар үлгермей қалды. Бұл бағдарламаға сенбегендер де болды. Енді көктемге қарай Үкімет қайта жалғастырса, бізге үлкен көмек болайын деп тұр", дейді шаруа Болат Бекежанов.
Енді биыл мыңдаған шаруа ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ниетті. Сондықтан Үкімет басшысынан жеңілдетілген лизингке 100 млрд теңге бөлуді сұрап отыр.
"Сыйақы мөлшерлемесін 3-4 пайызға дейін түсіруді сұрадық. Бұл кем дегенде 2,5 мың техника сатып алуға мүмкіндік береді. Пайызы түссе, оданда көбірек сатып алуға болады. Өйткені жылдан жылға техника қымбаттап барады. Былтырдың өзінде алдыңғы жылмен салыыстырғанда техника 2 есе қымбаттап кеткен. Сондықтан 100 млрд деген көп ақша емес", дейді Фермелер қауымдастығының атқарушы директоры Ақбар Мәуленов.