Шаруалар үшін дизель отынының бағасы қымбаттамайды

276

Жиырма өңірде оның бағасы – литріне 250 теңге.

Шаруалар үшін дизель отынының бағасы қымбаттамайды Фото: canva.com

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы 22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2024 жылғы 1 ақпан - 30 маусым аралығында көктемгі-дала жұмыстарына 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу бойынша графикті бекітті. 2023 жылдан баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі станцияда ҚҚС-пен литріне 250 теңге және АЖҚС бөлшек сауда бағасынан литріне 45 теңгеге арзан немесе 15 пайызға төмен", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды: 
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алынды; 
- дизель отынын сары, көк және қызыл түске бояу; 
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ЭШФ АЖ жүйесінде АШТӨ дизель отыны үшін жеке виртуалды қойма құруы.

"Ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 жөнелтілді немесе 55 пайызы. Бұл ретте 2024 жылдың 14 наурызында АШМ көктемгі-дала жұмыстарына 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жіберді", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

Айта кету керек, осыған дейін мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлерге 67,7 мың тонна дизель отыны жөнелтілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу