Шаруалар үшін ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады – АШМ

217

Биылғы қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жеткен. 

Шаруалар үшін ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады – АШМ Фото: Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларға ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы келесі жылы да жалғасатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Фермерлердің агротехнологияларды сақтауына, ең алдымен, мемлекеттік қолдау тетіктері зор әсер етті. Осы жылы ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ын құрайды. Элиталық тұқымдардың үлесі 9,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті. Ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады", – деді министр Үкімет отырысында. 

Айдарбек Сапаровтың сөзінше, 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды.

"Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады, бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көлемі 250 млрд теңгеге жеткен жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы техника жаңарту қарқыны 6,5%-ға жетіп, екі жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80%-дан 70%-ға дейін төмендеді", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда астық жинау толығымен аяқталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу