Шаруаларды инвестициялық субсидиялауға қосымша қаржы бөлінді

1114

Шаруалар бүгіннен бастап инвестициялық субсидияны алуға өтінім жаза алады. 

Шаруаларды инвестициялық субсидиялауға қосымша қаржы бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін" инвестициялық субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге бөлінуіне қол жеткізді. Шаруалар бүгіннен бастап инвестициялық субсидияны алуға өтінім жаза алады.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шаруаларға маңызды мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады. Министрлікке жыл көлемінде шаруалар тарапынан қаражат алуға қосымша өтінімдер келіп түседі.

Толассыз келіп түскен өтініштерді жауапсыз қалдырмау үшін кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге бөлу мәселесін Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығарды. Комиссия министрліктің бастамасын қолдады.

Инвестициялық субсидиялау шарттарына сәйкес өтінімдерді қабылдау биылғы  жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Сондықтан 2019 жылдың соңына дейін бөлінетін қаражатты уақтылы игеру үшін министрлік облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне инвестициялық субсидиялауға өтінімдерді қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізуді және өңірлер бөлінісінде 28,5 млрд теңге сомасында қаржыландыру лимиттерін ашу туралы хат жолдады.

Осылайша, Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері 2019 жылдың 13 қарашасынан бастап 1 желтоқсанына дейін инвестициялық субсидия алуға өтінім бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу