Шаруалардың жаңа инновацияларды енгізуге кеткен шығынын мемлекет өтеп береді

1250

Жаңа заңға сәйкес агробизнес үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге жаңа субсидия қарастырылады. 

Шаруалардың жаңа инновацияларды енгізуге кеткен шығынын мемлекет өтеп береді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдан бастап шаруалардың ғылыми зерттеулер жүргізуге және жаңа инновацияларды енгізуге жұмсалған шығындарын өтейтін болады, деп хабарлады  ҚР АШМ баспасөз қызметі.

"Агробизнестің және осы саладағы ғалымдардың өзара қызығушылықтарын арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі салалық заңнамаға өзгерістер енгізіп отыр. Жаңа заңға сәйкес агробизнес үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге жаңа субсидия қарастырылады. Тиісті заңнамалық норма жаңа жылдан бастап күшіне енеді",– делінген хабарламада.

АШМ хабарламасында айтылғандай, бүгінгі күні министрлікте агробизнестің ғылымға жұмсалатын шығындарын субсидиялау ережесінің жобасы келісілуде.  Ережеде төленетін өтемақылардың нақты мөлшері айқындалған.

Әзірге ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ғылыми мекемелердің қызметтерін сатып алуға жұмсалған шығындарының 80 пайызы мемлекет тарапынан өтелетіні анықталған. Бұл жағдайда субсидия алушы шаруалар тарапынан бірлесе қаржыландыруға тек 20 пайыз ғана қаржы жұмсалады.

Еске сала кетсек, аграрлық ғылымды фермерлердің қажеттіліктеріне қайта бағдарлау және түйткілді мәселені шешу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң әзірледі.

Заңға сәйкес фермерлерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жұмсаған шығындарды өтеу қарастырылған. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу