Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– 2025 жылғы 30 қаңтарда АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күшінен алынды. Энергетика министрлігі ұсынатын дизель отынының қазіргі бағасы тағайындалған станцияға дейін литріне 232 теңгені құрайды.Түпкі бағаны операторлар белгілейді және литріне 254 теңге құрауы мүмкін, бұл литріне 45 теңгеге арзан немесе АЖҚС бөлшек сауда бағасынан 15% төмен, – деді министр.
Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі егіс жұмыстары үшін 401 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітіп отыр. Бұл Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектеновтың басшылығымен өткен жиында белгілі болды.
Энергетика министрлігі басшысы соңғы екі жылда дизель отынының бағасы литріне 228 теңге деңгейінде ұсталғанын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ҚҚС есебімен ол литріне 250 теңгеге дейін жеткенін айтты.
Бұл ретте жеткізу операторларының маржасы литріне 22 теңге болса, бұл операциялық шығындары аз автожанармай құю стансаларына қарағанда едәуір жоғары саналады.