Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов баяндады.
"Егін жинау науқанын уақтылы жүргізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Жанармай қозғалысын бақылау мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірқатар қосымша шаралар қабылданды. Олардың ішінде жеке ПИН-кодтарды тағайындау, дизель отынын сары, көк және қызыл түстерге бояу, жеке виртуалды қоймалар құру бар", – деді вице-министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу