Шаруаларға 6 млрд текше метрден астам су берілді

197

Бүгінгі таңда дихандармен суармалы су беру туралы 23 886 келісімшарт жасалған. 

Шаруаларға 6 млрд текше метрден астам су берілді Фото: qazsu.kz

"Қазсушар" филиалдары суару маусымында еліміздің шаруаларына 6,12 млрд текше метр су берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан тарапымен жарты жылда елімізге Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы келісімге келген болатын. Суару кезеңінің соңына дейін өзбек тарапы тағы 500 млн текше метр су жібереді.

Ал, Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында Қазақстанға Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

"Еліміздің барлық аймағындағы шаруаларға тұрақты түрде су беріліп жатыр. Биыл суармалы судың жетіспеушілігі байқалмайды. Ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін вегетация кезеңіне дейін де көп жұмыс атқарылды. Су дипломатиясы күшейтілді, осының арқасында еліміздің оңтүстігіндегі шаруалар қажетті су көлемін алды. Кейбір шаруа қожалықтары екінші мәрте өнім жинауға дайындалып жатыр",- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу