Шаруаларға берілген субсидияны жымқырып кеткен

449

800 млн теңгелік субсидияны қалтаға басқандар анықталды

Шаруаларға берілген субсидияны жымқырып кеткен Фото: inbusiness.kz

Ерекше сортты жеткіземіз деп сан соқтырды. Жамбыл облысында шаруаларға бөлінген 800 млн теңгелік субсидияны қалтаға басқандар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әккілер әрекеті тосын тексеріс кезінде әшкереленген. Күдіктілер ісімен қазір экономикалық тергеу департаменті айналысуда.

Пысықайлар әдісі нағыз алдау операциясымен пара-пар. Ұйымдасқан топ фермерлерге жүгініп, таңқурай жидегінің сортын жеткіземіз деп уәдені үйіп-төгеді. Артынан тауар жетті деген жалған желеумен салалық басқармаға электронды өтініш жіберген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу