Еліміздің мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы ұйымдастырған шараға жергілікті билік өкілдері және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер қатысты, деп хабарлайды 24.kz.
Себебі бұл жиын шаруаларға салық төлеудегі жаңалықтарды түсіндіруге бағытталған. Айталық, отырыс барысында электронды шот-фактуралардың қолданылуы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне салық салу, шағын бизнес нысандары үшін арнайы салықтық режимдер және жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төртінші деңгейін енгізу сынды бірқатар мәселе талқыланды.
Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде 146 мыңнан астам тұтынушы тіркелген. Ал 2019 жылдан бастап қосымша құн салығын төлеушілердің барлығы электрондық шот-фактураларды қолдануға міндетті болады.