Шаруаларға тиесілі малға сәйкестендіру жүргізуді бекіту нормалары қарастырылып жатыр

154

ҚР Ауыл шарушылығы министрлігі малдың кімге тиесілі екенін анықтау үшін сырға немесе чип салу талабын қатаңдатуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шаруаларға тиесілі малға сәйкестендіру жүргізуді бекіту нормалары қарастырылып жатыр   Фото: habr.com

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген малды жаюдың үлгілік қағидаларының 8-тармағына сәйкес, адамдардың қадағалауынсыз жүрген мал қараусыз жүрген болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға қамалады.

Қараусыз жүрген малды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Азаматтық кодекстің 246-бабына сәйкес айқындалады.

– Қазіргі уақытта Үкімет қорытындысында Парламент депутаттары бастамашы болған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруа және фермер қожалықтарына өздеріне тиесілі малға сәйкестендіру жүргізуді бекіту нормалары қарастырылып жатыр, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу