Шарықтап кеткен бағаны ауыздықтаудың амалы қандай?

1325

Қымбатшылық індеттен ес жия қоймаған бүкіл елді есеңгіретіп тастады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Шарықтап кеткен бағаны ауыздықтаудың амалы қандай?

Азық-түлік құны бірінен соң бірі жарыса шарықтап барады. Ал билік аспандап кеткен бағаны ауыздықтай алмай отыр. Мәселен өткен айда ғана елімізде сәбіздің орташа бағасы 230 теңге еді. Енді бұл бағамдар сағымға айналғандай. Себебі, қазір базарда - 500, кейбір өңірде 800 теңгеге саудаланып жатыр. Бір айда 2-3 есеге бір-ақ көтерілген. Шарықтау шегі осы болса игі. Ең қиыны, өз жерімізде өсіп-өнетін көкөніс мұхит асып жеткізілетін бананнан да қымбат болып тұр. Экзотикалық жемістің бір келісін біз 500-600 теңгеге алып отырмыз. Ол тұрмақ, 1 доллардан да қымбат.  Егер осылай жалғаса берсе, жейтін не қалады? Мұндай қымбатшылықты халықтың қалтасы көтермейтіні белгілі. Базардағы жағдай анау, ал Үкіметтің есебі басқа. Қам-қарекет жасап жатырмыз дегенімен, нәтиже нөл! Ендігі жағдай не болмақ?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу