Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енді

341

​Қазақстанның табиғи жауһарларының бірі – Шарын шатқалы халықаралық деңгейде жоғары бағаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енді Фото: dwc.kg

Ол The Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы нұсқасында әлемдегі ең үздік 100 каньон мен шатқалдың тізіміне еніп, 17-орынға тұрақтады. Ал Қазақстан бойынша көш бастады.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан алып жартастары, ерекше геологиялық бедері мен көз тартарлық табиғат көріністері Шарын шатқалының халықаралық рейтингтен орын алуына негіз болған.

The Worldworthy 100 – туристердің пікірлері мен ұсыныстары, журналистік зерттеулер және ашық дереккөздердегі ақпараттар негізінде жасалатын тәуелсіз редакциялық рейтинг. 2026 жылғы тізімге әлемнің 46 елінен 100 табиғи нысан енгізілген.

Рейтинг қорытындысы бойынша "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арнайы сертификат табысталды.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл жетістік Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын халықаралық деңгейде танытуға және оны сақтап жүрген мамандардың еңбегін бағалауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу