"9 қазан күні сағат 22:05-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан Шарын шатқалының қамал алқабынан 2 шақырым жерде 7 адам (5 ер және 2 әйел) жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Олар 8 қазанда Bicycle Adventure club туристік агенттік гидінің басшылығымен Алматы қаласынан кеткен. Белгілі болғандай, туристер Алматы қаласынан Шарын шатқалына туристік агенттіктің автобусымен барып, әрі қарай жаяу гидпен жолға шыққан" деп хабарлайды Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнына бірден құтқарушылар жіберілді.
"10 қазан күні сағат 08:30-да жоғалып кеткен туристер табылып, қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.