Шарын ұлттық паркінде сілеусін фототұзаққа ілінді

497

Бұл жөнінде  inbusiness.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Шарын ұлттық паркінде сілеусін фототұзаққа ілінді Фото: ҚР Экология министрлігі

Министрлік мәліметінше, соңғы екі жылда алғаш рет бұл жануар Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалды.

"Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі, ағаш арасына оңай жасыруына көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады", делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіреді. Сонымен қатар, ересек дарағы 1 күнде 30 шақырымға дейінге арақашықты еңсере алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу