Шаш боятамын деп ауруханаға түсті

1048

Оралдық әйел сұлулық салонын сотқа бермек.

Шаш боятамын деп ауруханаға түсті

БҚО тұрғыны Зульфия Длимбетова сұлулық салонын сотқа бермек. Ол шашын боятамын деп аяқ астынан ажал құша жаздаған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Зульфия 10 мамыр күні шашын бояту үшін "ZAMA" сұлулық және денсаулық орталығына келеді. Орталық қызметкері оның аллергиясын тексерместен бояу жағады. Оның шашын күйдіріп, шыдатпай бара жатқанын айтқан клиентке "бұл бояуды он бес жылдан бері пайдаланып келе жатқандарын" айтқан.  

Көп ұзамай Зульфияда бас терісіне жағылған бояуға реакция пайда болып, денесі ісіне бастайды. Ол салон қызметкерлерінің бірден жедел жәрдем шақырудан қашып, жағдайды өз күштерімен реттемек болғанына ренішті.

"Маған алдымен су шаша бастады. Содан кейін директор бір кісімен сөйлесіп, ол суға "валерьянка" қосып беру керектігін айтып жатты. Бірақ, менің тамағым ісініп, ол суды іше алмадым. Еденде  домалап жатып, жәдел жәрдем шақыруды өтініп, сұрай бердім", - дейді Зульфия Длимбетова.

Белгілі болғандай, кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, пациент жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Диагнозы – аллергиялық реакция. Жағдайы тұрақты, терапия палатасына ауыстырылды", - деп хабарлайды облыстық денсаулдық сақтау басқармасынан.

Әйел қазіргі күні полицияға арызданған, жазылып шыққасын сұлулық салонын сотқа бермек ниетте.

Құралай Қуатова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу