Шаштараз бен сұлулық салоны қызметтері 17%-ға қымбаттады

1295

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті.  

Шаштараз бен сұлулық салоны қызметтері 17%-ға қымбаттады Фото: gov.kz

2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараздар мен сұлулық салоны қызметтерінің бағасы жылдық мәнде 17%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.

Қараша айында елімізде әйелдердің шаш қию қызметінің орташа бағасы 2 744 теңгені құрады. Республика бойынша бұл қызмет түрі Астанада қымбат тұрса (4 166 теңге), Семейде өзге өңірлермен салыстырғанда арзанырақ (1 714 теңге). Басқа қалаларда әйелдердің шашын қию қызметінің орташа бағасы - 2-3 мың теңге.

“Елімізде ерлердің шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда арзандау– 2 037 теңге. Ер азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат (2979 теңге), Қызылордада анағұрлым арзан (1355 теңге). Басқа қалалардағы баға диапазоны - 1400-ден 2500 теңгеге дейін”, - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу