Шаштаразбен сән салондарының табысы 17 млрд теңгені құрады

812

Жыл бойы олардың қызмет ақысы 8% қымбаттады.  

Шаштаразбен сән салондарының табысы 17 млрд теңгені құрады

Биылғы жылдың бірінші жартысында қазақстандық шаштараздар мен сән салондары 16,5 млрд теңге табыс тапты. Бұл рекордтық көрсеткіш өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 80,9% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, өткен жылы аталған нарықтағы табыс 9,1 млрд теңгеге азайған. Мұны мамандар пандемиямен байланыстырды.

Биыл сән нарығы былтырғы олқылықтың орнын толтырып, барлық санаттар бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, ауылдарда көрсетілген қызмет 2 есеге өсіп, 898 млн теңгені құраған. Қызмет көрсету ақысы өткен жылдың 1 жартысымен салыстырғанда 4,6% өскен, бұл соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Нарықтағы басқа қызметтермен салыстырғанда шаштараздар мен сән салондарының қызметі ақысы 7,5% өскен, бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.

Қалалар бойынша ең қымбат баға Алматыда. Мұнда 2021 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша әйелдердің шашын кесу 3780 теңге, ер адамдарға 2846 теңге болған. Нұр-Сұлтанда әйел адамдар шашын– 3734 теңге, ер адамдар 2123 тг кестіре алады. Ең арзан баға Түркістанда, мұнда әйелдер 1436 теңге, ер адамдар– 1158 теңге. Өзге шаш үлгісін жасата алады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу