"Шашымнан сүйрелеп, ұрғысы келді": Қарағандылық қыз Indriver такси жүргізушісімен болған оқиға туралы айтты

751

Оқиға 1 маусым күні кешке Қарағандыдағы 15-ші аялдамада болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шашымнан сүйрелеп, ұрғысы келді": Қарағандылық қыз Indriver такси жүргізушісімен болған оқиға туралы айтты Фото: Бейнеден алынған фото

Жолаушының оқиғасы әлеуметтік желіде жарияланды.

"Такси жүргізушісі хабарласып, біздің нешеу екенімізді сұрады. Сосын мен, біз үшеуміз, әрқайсымыз 1500 теңгеден, Теміртауға үш бағытқа апару керектігін айттым. Сөйтіп 3 жерге = 4500 теңгеге 1500 бағасына келістік. Кейін бұл нөмірден басқа адам келіп тұр. Басқа жүргізушісі біздің неше адам екенімізді және қанша теңге төлеу керектігін қайта сұрайды. Мен әрқайсымыз 1500 теңге төлеймін деп айттым. Ол бірден ашуға булығып, өзінің тек 2000 теңгеге жеткізіп тастайтынын алға тартты. Артынша наразылығын білдіре бастады", –  деп жолаушы түсіндірді.

Шағын ауызша кикілжіңнен кейін такси жүргізушісі жолаушылардың "аналарын балағаттап, бейәдеп сөздер" айта бастаған.

"Сосын тоқтауды өтініп, онымен Теміртауға барудан бас тарттық. Осыдан кейін жүргізуші мені ұрғысы келіп, шашымнан сүйрелей бастады. Достарым болмағанда ол менімен не істейтінін білмеймін. Оның көлігінің мемлекеттік нөмірін полиция департаментіне жіберілді", – деді жолаушы қыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу