"Шашын қиып, тырнағын алған": Бекболат Тілеухан Алматыға келіп, сәбиді қырқынан шығарды

11606

Сондай-ақ, ол сәбидің азан шақырып атын қойды. 

"Шашын қиып, тырнағын алған": Бекболат Тілеухан Алматыға келіп, сәбиді қырқынан шығарды Фото: бейнежазбадан

Психолог, 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева кенже ұлының қырқынан шығару рәсімін экс-депутат Бекболат Тілеухан мен оның әйеліне жасатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Азаттық Рухы басылымына сілтеме жасап.

"Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды", - деп жазды Даубаева.

Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Алайда бұл әрекетті оқырмандар түсінбейтінін жазған.

"О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмаладың. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығарады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер", - деп жазды олар.

Сондай-ақ, Тілеухан сәбидің атын азан шақырып, "Асанәлі" деп қойып береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу