"Шашынан тартып, күш қолданған": Алматыда қызға шабуылдаған ер адам ұсталды

Оқыс оқиға қаладағы "Ақкент" шағынауданында болған.  

"Шашынан тартып, күш қолданған": Алматыда қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Фото: Видеодан скриншот/stan.kz

Алматы қалалық полиция департаменті жайсыз жайттың бейнебақылау камераларына таспаланып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видеодан ер адамның жеделсаты күтіп тұрған сәтте агрессивті мінез-құлықпен көзге түскенін, подъездегі қабырғаларды ұрғанын байқау қиын емес.

Содан соң ол жанында тұрған қызға шабуылдап, шашынан тартып, жеделсатыда күш қолданған. Құқық қорғау органдары күдіктінің 26 жастағы ер адам екенін мәлімдеді. Ол оқиға орнында анықталып, ұсталған.

– Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық таныту және денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Полиция кез келген зорлық-зомбылық көріністері, әсіресе әйелдерге қатысты әрекеттер жол берілмейтінін және мұндай құқықбұзушылықтардың қатаң түрде тоқтатылатынын жеткізді.

– Осындай іс-әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Алматы полициясы азаматтарды бейжай қарамауға және құқықбұзушылық фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады, – дейді қалалық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу