Шатқалға ойып жазу жазған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

847

Шенеунікке лауазымды қызмет бұйырды. 

Шатқалға ойып жазу жазған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды Фото: Lada.kz

Маңғыстаудағы Ыбықты-Cай шатқалында ойып жазу жазған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Ақтөбе облысындағы Байғанин аудандық мәдениет үйін басқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Еуразия" телеарнасының мәліметінше, Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің экс-директоры Манас Көшербаевтың тағы да басшылық қызметке келген.

"Биыл 15 ақпанда Байғанин аудандық мәдениет үйінің директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды, құжаттары конкурс талаптарына сәйкес келетін кез келген Қазақстан азаматы өтініш бере алады. Конкурсқа үш адам құжат тапсырды. Оның ішінде Көшербаев Манас Маратұлы да болды. Конкурстық комиссияда екі азаматтың біліктілігі талапқа сай келмейтіні, екі кандидаттың да басшылық қызмет атқармағаны белгілі болды. Ал Манас Көшербаевтың құжаттары барлық талапқа сай келді. Сондықтан ол 6 наурызда Байғанин аудандық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа ойып жазады. Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекеті көрінетін видео жарияланды.

"Туристерге Ыбықты сай мен Бозжыраны көрсетуге келдік. Бірақ бұл жерде, өкінішке қарай, вандалдар өз аттарын тасқа жазады, ұят", - дейді видео авторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу