"Шаттық-2023" балалар мен жасөспірімдер байқауы өз мәресіне жетті

825

Байқаудың қорытындысы бойынша  өзгелерден оқ бойы озып шыққан балаларға  63 алтын, 95 күміс, 125 қола жүлде табысталды.

"Шаттық-2023" балалар мен жасөспірімдер байқауы өз мәресіне жетті

Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Шаттық-2023" шығармашылық байқауы мәреге жетті. Жеті мыңнан астам өнерлі бала қатысқан байқаудың қорытынды гала концертінде үздік  жеңімпаздар марапатталды. Жас өнерпаздар байқауы осымен 16-шы рет дәстүрлі түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Биыл, "Шаттық" ашық шығармашылық қалалық байқауына Елорданың 123 мектебінен 7 мың бала қатысты. Жүзден жүйрік шығып, іріктелген  балалар екі апта бойы "Вокал", "Хореография", "Бейнелеу өнері" сынды 9 номинация бойынша өнерлерін ортаға салды.

"Біз хор ұйымынан 32 бала қатыстық. Биыл екінші жыл алтын медель иегері атындық. Біздің жетекшіміз ҚР еңбек сіңіргнен қайраткері, Биыл Бейтерек астана әнімен гала концертте өнер көрсетеміз", - дейді байқауға қатысушы Алина Төлеуова.

Байқаудың қорытындысы бойынша  өзгелерден оқ бойы озып шыққан балаларға  63 алтын, 95 күміс, 125 қола жүлде табысталды. Биыл  "TikTok" номинациясы бойынша да арнайы сыйлық тағайындалған.

"Мектептерде жұмыс істеп жатқан үйірмелердің, қосымша білім беру ұйымдарында жасалып жатқан жұмыстардың бір жиынтығын жасап, ата-аналарға көрсету, былайша айтқанда есептік концертіміз деп айтуға болады", - деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Гала концерт "Біз  әлемнің жолашарымыз!" ұранымен ашылды.  Онда өнерпаздардың жоғары шеберлігі мен көркемдік деңгейін байқауға болады. Биыл, оқушыларды өнерге баулып жүрген  282 үздік жетекші арнайы сертификаттармен марапатталды.

"Балалар өздерінің таланттарын осы Шаттық алаңында шыңдап, кейігі өмірде қанат  қағып, Осы шаттықтан түлеп ұшқан көптеген біздің өнер таланттары қазір елімізге белгілі еңбегін сіңіріп, өнерлерін көрсетіп жүр", - деп атап өтті Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет.

Қорытынды концертте байқаудың репортаждық бэкстейджі  көрсетілді.  Бұл формат  арқылы көрермен өнерпаздардың  сахна сыртындағы қызыққа толы өмірі мен қызу дайындығын да  тамашалауға мүмкіндік алды.            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу