Өскеменде шатыр ернеуіне қатқан мұздан дау туды. Суреттер әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшілік қызу талқылап жатты, деп хабарлайды ustinka.kz.
Әсіресе, телестудия мен бұрынғы ММС ауданындағы жағдай өте нашар.
"Бұл мәселеге ешкім мән беріп отырған жоқ. ПИК қауіпті байқар емес, мұндай жағдайда қайда арыздануға болатынын да білмейсің. Мұны тазалауға өзіміздің күшіміз жетпейді, үйде негізінен зейнеткерлер тұрады",– дейді жергілікті тұрғындар.
Жағдайдың ушыққаны сонша, бұл мәселесені шешуге демалыс күні Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шықты. Қала басшысы жексенбі күні Өскемендегі төрт ірі ПИК басшыларымен кездесу өткізді.
"Шатырды тазалау – ПИК-тің міндеті. Алайда бұл мәселе бірінші қабатта орналасқан дүкен иелерімен арадағы жанжалға себеп болып отыр. Төменге құлаған мұз дүкен сөрелерін сындырады. Сондықтан ПИК мұзды оюды кейінгі қалдырып отыр", – деді қалалық әкімдіктегілер.
Қала басшысының айтуынша, тұрғын үйлерде орналасқан дүкен иелері шатырды залалсыз кәсіби тазалауды төлеу үшін мақсатты алымға қатысуға тиіс.
"Бұл жұмысты тұрғындардың бақылауымен ПИК ұйымдастыру керек. Ал егер ПИК басшылығы өз міндетін атқара алмайтын болса, онда тұрғындар жалпы жиналыста оны ауыстыра алады", – деп атап кетті әкім.