1963 жылы Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев аулында туған. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Институт бітіргеннен кейін Орал облысы Чапаев аулындағы №1 орта мектепте тарих мұғалімі болып жұмыс істеген.
1985-1987 жылдары – Кеңес Әскері қатарында болды.
1985-1992 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, екінші хатшысы болды.
1992-1994 жылдары – Орал облыстық әкімшілігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
1994-1998 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы Жастар істері, туризм және спорт басқармасының бастығы.
1998-2000 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы Туризм және спорт басқармасының бастығы.
2000-2001 жылдары – Батыс-Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы.
2001-2002 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі.
2006-2007 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007-2011 жылдары – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
"Құрмет" орденімен марапатталған.
Үйленген, 2 баласы бар.