Шавкат Мирзиеев биліктен кете ме?

583

Өзбекстан басшысы мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін жариялады. Ол қалған 3,5 жыл мерзімінен неге "бас тартатынын" түсіндірді.

Шавкат Мирзиеев биліктен кете ме? Фото: gazeta.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауын өткізетінін жариялады, деп жазады inbusiness.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасар.

Тиісті Жарлыққа қол қою туралы Мирзиеев 8 мамырда референдум қорытындыларына арналған Олий Мәжіліс палаталарының, партиялардың, сот және атқарушы билік органдарының басшыларымен кездесуде мәлімдеді.

"Әрине, мұндайда түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі? Қазір сайлау жариялау қаншалықты дұрыс? Неліктен мен президенттік мерзімнің қалған үш жарым жылынан бас тартып отырмын?", - деп сөзін бастады Өзбекстан басшысы.

"Біріншіден, сіздер біздің негізгі заңымызға сәйкес, биліктің барлық тармақтары реформаланып, олардың арасындағы қатынастар мен тепе-теңдік айтарлықтай өзгеріп жатқанына куәсіздер", - деп жауап берді.

"Екіншіден, жаңартылған Конституция Президентке, Парламентке, Үкіметке, министрлерге, хокимдерге шұғыл жаңа саяси, әлеуметтік әрі экономикалық міндеттер жүктейді", — деп жалғастырды мемлекет басшысы.

"Үшіншіден, біздің халқымыз бізден барлық салада аса маңызды әрі өзекті өзгерістер мен реформаларды күтуде", — деп атап өтті президент.

"Төртіншіден, әлемде және өңірде өткір әрі күрделі процестер жүріп жатқан қазіргі жағдайда дамудың дұрыс әрі тиімді жолын іздеу және іске асыру ең өзекті мәселе", — деді ол.

"Біз мемлекет пен қоғамның өміріне, бүгінгі және болашақ дамуға қатысты әрбір мәселе бойынша тек сіздермен кеңесе отырып, біздің дана әрі жомарт халқымызбен бірлесе жұмыс жүргізуді жалғастырамыз", - деп сендірді ол.

"Біздің негізгі Заңымызда халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде бекер белгіленбеген. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік биліктің жаңартылған жүйесінде мандат біздің халқымыз сенетін басшыға ғана берілуі керек", - деді президент.

"Қазіргі жағдайда бұл ең дұрыс әрі әділ шешім болады деп санаймын", — деді ол.

Президент сайлау заң бойынша ашық әрі әділ түрде өтетініне, партиялар мен президенттікке кандидаттар елдің бейбітшілігі мен өркендеуіне және халықтың әл-ауқатына қызмет ететін жаңа идеялар мен бастамалар ұсынатынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу