Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентте өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитінде Израиль мен Палестина қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Палестина-Израиль соғысы жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар құрбан болуда. Бұл қақтығыстың аймақтағы басқа елдерге жайылып кетуі қаупі жоғары. Бұған жол бермеуіміз керек. Тараптарды келіссөзге шақыруымыз қажет. Біз Палестина халқының Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарларымен бекітілген өз тәуелсіз мемлекетін құруға құқығы бар екендігі туралы нық ұстанымымызды қайталаймыз", - деді Мирзиёев.
Айта кетсек, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне еліміздің атынан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қатысып жатыр.