Жылдың екінші жартысында Өзбекстан Президентінің елімізге іссапары жоспарланып отыр. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің твиттердегі жазбасында хабарланды.
"Алдағы Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеевтің а.ж. екінші жартыжылдықтағы Қазақстанға сапары барысында қол қоюға жоспарланып отырған трансшекаралық су нысандарын бірлесе басқару, пайдалану жəне қорғау туралы Үкіметаралық келісімді бекітуге ортақ шешім қабылдадық",– деп жазды министр.
Бұған дейін хабарланғандай, кеше министр Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездескен болатын. Кездесуде тараптар қос мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша, су шаруашылығындағы бірқатар мəселені талқылады.