Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға жаңа президент Шавкат Мирзиёев келгелі Ташкентпен ара қатынас жақсы жаққа өзгергенін айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Бір жылда сіз көп іс атқардыңыз. Көршілермен қарым-қатынасты жолға қойдыңыз, шекараға байланысты ондаған жылдар бойы шешілмеген мәселелерді шештіңіз, өзарасауда мен қатынасты реттедіңіз. Жалпы, жағдай басқаша", - деді елбасы Өзбекстан президентімен екіжақты кездесу кезінде.
"Қош келдіңіз. Сізді асыға күттік, сағындық. Біздің кездеспегенімізге көп уақыт өтті.(...) Бірнеше рет қана кездестік, сонымен болды. Біз айтқан мәселелер іске асып жатыр, жұмыс жасап жатыр", - деді Назарбаев кездесуде.
Айта кетсек, бүгін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші кеңестік кездесуі өтеді.