Шавкат Мирзиёев Орталық Азияда ұлттық ID-карталарды өзара тануды ұсынды

170

Осыған ұқсас жүйе Қырғызстан мен Өзбекстан арасында іске қосылған.

Шавкат Мирзиёев Орталық Азияда ұлттық ID-карталарды өзара тануды ұсынды Фото: Ақорда

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Орталық Азия елдерінің ID-карталарын өзара тану туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Туристік алмасуды кеңейту мақсатында ұлттық ID-карталарды өзара тануды және "Бір тур – бүкіл өңір" принципі бойынша жаппай туристік өнімдерді әзірлеу мәселесін зерделеуді ұсынамыз", - деді Өзбекстан басшысы. 

Бұдан бөлек Шавкат Мирзиёев туристік индустрия аймақтағы серіктестіктің жаңа драйверіне айналғанын баса айтты.

Айта кету керек, осыған ұқсас жүйе Қырғызстан мен Өзбекстан арасында іске қосылған. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап екі ел азаматтары төлқұжат көрсетпей, ID-карталарын пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу