Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев көршілес елдің ұлттық олимпиадалық комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Өзбекстан ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
25 қараша күні Өзбекстан ұлттық олимпиада комитетінің 41-ші Бас Ассамблеясы өтті. Іс-шараға Премьер-министр Абдулла Арипов, Президент Әкімшілігі департаментінің басшысы Одил Абдурахманов, Спорт министрі Адхам Икрамов, Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті Отабек Омаров, Бас Ассамблея мүшелері, сондай-ақ федерациялар мен қауымдастықтардың жауапты тұлғалары қатысты.
Жиында Өзбекстан ұлттық олимпиада комитеті басшылығының құрамы қайта құрылды. Президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстан ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды. ҰОК төрағасының бірінші орынбасары Отабек Омаров, Ойбек Касимов бас хатшы, ал Шерзод Ташматов төрағаның орынбасары болып қайта сайланды.