Бүгінгі таңда Өзбекстанда тіркелген саяси партиялардың атынан 5 адам президенттікке үміткер болып отыр. Бұл елде сайлау науқаны жарияланған күннен бастап 4 ай ішінде ресми тіркелген саяси партиялар ғана президенттікке кандидат ұсына алады. Кандидаттарды тіркеу сайлаудан 35 күн бұрын, яғни 19 қыркүйекте аяқталады.
Өзбекстандағы сайлау заңнамасына сәйкес, партиялар ОСК-ға кандидатты тіркеу үшін құжат тапсырады.
Өткен айда "Миллион Тикланиш" партиясы мен Экологиялық партияның съезінде Әлішер Қадыров пен Нарзулло Обломурадов президет сайлауына кандидат ретінде бекітілді. Кейін бұл шараны Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы мен Адолатты" партиясы атқарып, кандидат ретінде Максуд Варисова мен Бахром Абдухалимовты таңдады. Осылайша алдағы президент сайлауына Өзбекстандағы 5 саяси партиядан 5 кандидат қатысатын болды.
Айта кетейік, Өзбекстанда президент сайлауы 5 жылда бір рет өтеді.
Іс басындағы президент Шавкат Мирзиеев 2016 жылғы 4 желтоқсанда кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетті.
Қанат Махамбет