Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласы Қазақстан мен Өзбекстанның спортына жауапты болып сайланды

621

Ол Орталық Азия аймағына жауапты.

Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласы Қазақстан мен Өзбекстанның спортына жауапты болып сайланды Фото: gazeta.uz

Өзбекстанның спорттық функционері Отабек Умаров (президент Шавкат Мирзиёевтің кіші күйеу баласы – авт.) Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz айты.

1bol.kz жазуынша, шешім Нью-Делиде өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің 44-ші Бас ассамблеясында қабылданды. Сайлау барысында бес аймаққа ұйымның жаңа басшылары мен вице-президенттері тағайындалды. 

Раджа Рандхир Сингх ОСА президенті болып сайланды. 

Отабек Умаров Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Иран және Ауғанстан кіретін Орталық Азия аймағы ұйымын басқарады.

Бұған дейін өзбек президентінің күйеу баласы Ташкент-2025 жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының уақытша вице-президенті қызметін атқарған. Енді ол тұрақты қызметте Азияның бес аймағына олимпиадалық қозғалыстың дамуына жауапты болады.

Отабек Умаров Азия құрлығының спорты әлемге күннен-күнге танылып келе жатқанын, соның дәлелі 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Азияның төрт елі үздік 15-тікке енген спортшылардың лайықты өнер көрсетуі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу