Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-де өз елінің намысын қорғаудың қандай екенін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.
"Мен Қазақстанның атын шығардым, аянбай еңбек еттім. Туымызды халықаралық аренада көрсетудің өзі бақыт", - деді Рахмонов.
Шавкат америкалық Стивен Томпсонмен алдағы жекпе-жек туралы да айтып өтті: "Жекпе-жек Томпсонға қауіп төнді ме, жоқ па көрсетеді. Оны жеңуге жақсы дайындалдым деп ойлаймын. Кез келген жолмен жеңуім керек".
Айта кетейік, Рахмонов-Томпсон жекпе-жегі 17 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 296 турнирі аясында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу