Шавкат Рахмонов сезімін білдірген америкалық журналиске жауап қайтарды

8036

28 жастағы UFC боксшы Шавкат Рахмонов қыздардың жүрегін жаулап алды, деп хабарлайды inbussines.kz.    

Шавкат Рахмонов сезімін білдірген америкалық журналиске жауап қайтарды

Америкалық Джефф Нилді 17:0 есебімен жеңгеннен кейін Шавкаттың бейнероликтері әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірді.

UFC салмақ өлшеу шоуының эфирінде спорт журналисі Лаура Санко жеңіліс көрмеген қазақстандықты көргенде "денесі тітіркеніп кеткенін" мойындады. Бойжеткен Шавкаттан сұхбат алуды армандайтынын анық айтты.

Боксшының өзі кең таралған видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай ілтипатқа риза болғанын айтты.

"Мұндай жағдайда не айтарымды да білмеймін. Әйел адам мақтап жатса ер адам ретінде риза боласың", - деді боксшы.

Спортшының әйелі бар екенін білетіндер аз, бірақ ол отбасын көпшілік алдына сирек шығарады.

Айта кетейік, былтыр Шавкат ұлды болды. Есімі - Керем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу