Шавкат Рахмонов Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болады - министр

688

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов facebook-парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шавкат Рахмонов Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болады - министр  Фото:  facebook

"Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі – Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді", деді А.Оралов.

Сондай-ақ, министр спортшының келесі жекпе-жектеріне дайындалуы үшін Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатынsy айтты.

Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым.  Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін", - деп жазды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу