Шавкат Рахмонов: "Түнгі клубта жүретін жігіттен чемпион шықпайды"

573

Аралас жекпе-жектен (MMA) қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов "Жағың сынса да, сағың сынбасын" подкастына сұхбат беріп, жас спортшыларға өз кеңесін айтты.  

Шавкат Рахмонов: "Түнгі клубта жүретін жігіттен чемпион шықпайды" Фото: fighttime.ru

Спортшының сөзінше, түнгі клубта қыдыратын жастардан чемпион шықпайды. Алға мақсат қойған адам соған жету үшін тынбай еңбек ету керек.

"Спорт жолына енді түскен жастарға айтар кеңесім: егер бір жарысқа дайындалып жүрсең, түнде қыдырмауың керек. Түнде қыдырып, ары қарай демалып, чемпион болған спортшыны маған көрсете аласыздар ма? Клубқа барып, чемпион болып жүрген жігіттерді өз басым көрмеппін.

Мысалы, мен қазір клубқа мүлде бармаймын. Жас кезімде 1-2 рет қана барғанмын. Адам алдына мақсат қойса, жан-жағына қарамай, дұрыс ортамен алға қарай басу керек", - дейді Шавкат Рахмонов.

Сонымен қатар спортшы тойға, туған күн кештеріне соңғы рет қашан барғаны есінде жоқ екенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу