Әуелі аймақ басшысымен бірге су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауылында болып, тұрғындармен жүздесті. Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы үйін су басқан тұрғынның біріне баспана алуына үлес қосатынын айтқан.
Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. "Апат айтып келмейді" дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!", - деді Шавкат Рахмонов.
Қобда ауылына сапарынан соң Шавкат Рахмонов Ақтөбенің орталық саябағында өткен Наурыз салтанатына да қатысты. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов атымтай жомарттық танытқан батырдың атына тұлпар мінгізді.
Шавкат - қазақтың батыры деп айтсам артық емес. Қобда – батырлар елі. Қобыланды батырдың, Әлиядай батыр қызың туған жері. Біз қиын-қыстау кезде бір-бірін қолдап, демеген халықпыз. Бүгін Қобда ауданында болғанда бизнесмендер бізде баспанасыз қалғандарға үй салып берейік деп жатыр. Бұл халыққа үлкен демеу, - деді Ералы Тоғжанов.