Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы ағылшын файтері Леон Эдвардс (22-3) алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sports.kz басылымына сілтеме жасап.
“Сәуір айында Лас-Вегастағы UFC 300 турнирінде белбеуімді қайта қорғаймын, сосын жазда Бирмингемдегі “Вилла Паркте”, өз жерімде жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап отырмын. Мен UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатырмын, сондықтан бұл қолымыздан келеді де ойлаймын”, - дейді Леон Эдвардс.
Еске сала кетейік, титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (18-0). Алайда көптеген шетелдік сарапшылар UFC әуелі америкалық файтер Белал Мухаммадқа (23-3) мүмкіндік беретінін айтады.