Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы мемлекеттік қызметкер атанды

1167

Сора Рахмонова жаңа қызметке орналасқанын желіде жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы мемлекеттік қызметкер атанды Фото: instagram.com/sora_rakhmonova коллаж inbusiness.kz

"Жаңа қызмет! Құттықтап қойсаңыздар болады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері болып, өзімді жаңа қырымнан сынамақшымын.

Менің негізгі міндетім Төтенше жағдайлар министрлігінің спорттық идеологиясын насихаттау. Төтенше жағдайлар қызметі үнемі спорттық бапты талап етеді. Елдің амандығы, жұрттың тыныштығы үшін 24 сағат бойы қауіп-қатермен бетпе-бет келетін қызметкерлер жұртты құтқарамыз деп өз бастарын бәйгеге тігіп жүреді. Бұндай қиын да жауапты қызметте жүріп бір сәт те босаңсуға болмайды! Әрқашан спортпен айналысып, ел амандығы үшін қызмет ететін құтқарушылар қатарына мен де қосылдым! Жаңа қызметіме сәттілік тілеп қойыңыздар", - деді Шавкаттың қарындасы.

Сора Рахмонова қыздар арасынан қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Ол шаршы алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жетсе, бір рет қарсыласына есе жіберген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу