Шегіртке ең көп тарайтын облыстарда химиялық өңдеу жұмыстары аяқталған жоқ

193

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында жұмыстар толық аяқталды. 

Шегіртке ең көп тарайтын облыстарда химиялық өңдеу жұмыстары аяқталған жоқ Фото: ашық дереккөз

Еліміздің батысы мен солтүстік батыс аймақтары – шегірткенің итальяндық прус деп аталатын түрінің отаны. Ондағы өңдеу жұмыстары аяқталмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ал Абай және Жамбыл облыстарында азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында жұмыстар толық аяқталды. Мароккалық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары Жамбыл облысында, сонымен қатар Алматы облысында азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. 

Итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары Абай, Атырау, Жамбыл және Батыс-Қазақстан облыстарында аяқталды.

"Қазіргі таңда Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында итальяндық прусқа қарсы, Абай және Жамбыл облыстарында азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеулер жалғасуда", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы. 

Жалпы шегірткелерге қарсы күрес шараларына 2500 астам адам жұмылдырылды.

Шегіртке, өңдей, Қостанай, Ақтөбе

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу