Шегіртке ошағын анықтауға GPS навигатор мен трекер қолданылады

1156

1224 тексеруші 38,3 млн гектар жерді зерттейді.

 Шегіртке ошағын анықтауға GPS навигатор мен трекер қолданылады

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марстың мәлімдеуінше, Қазақстан Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтардағы зиянкестерді анықтау үшін бірлескен зерттеу жүргізеді.

"2019 жылдың желтоқсан айында Пекинде ҚХР ауыл шаруашылығы министрлігімен, биыл ақпан айында Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы министрлігімен шекаралас аумақтарда шегірткеге қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық кеңес өтті. Нәтижесінде шегірткеге қарсы күресте күш біріктіру туралы шешім қабылданды",– деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, биыл шекара маңындағы облыстарда үйірлі шегірткеге қарсы 19,6 млн, саяқ шегірткеге қарсы 1,2 млн гектар алқапта зерттеу жүргізіледі.

"Шегірткелерге қарсы күрес мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында. Таяуда марокка шегірткесіне қарсы химиялық іс-шаралар Жамбыл, Түркістан облыстарында аяқталады", – деді Алмабек Марс.

Комитет төрағасының айтуынша, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында итальяндық прусқа қарсы күрес шаралары қарқынды жүріп жатыр. Басқа аймақтарда шегірткенің таралу ошақтарының анықталуына қарай химиялық өңдеу басталады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу