Шегіртке шапқыншылығы Африкадағы аштыққа себеп болуы мүмкін

877

Зиянкестер әлемге апат төндіріп тұр.

Шегіртке шапқыншылығы Африкадағы аштыққа себеп болуы мүмкін Фото: reuters.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марстың мәлімдеуінше, Африка соңғы 25 жылдағы ең ірі шегіртке шапқыншылығын бастан кешті.

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының дерегінше, шегірткен шапқыншылығы Африканың көптеген аймақтарында аштыққа себеп болуы мүмкін.

"Эфиопия мен Сомалиде жәндіктердің ірі шабуылдары 25 жылдан астам уақыт болған жоқ, қазіргі кезде осы елдердің барлық күштері дәл осы проблеманы шешуге шоғырланған. Сонымен қатар биыл Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және оңтүстік-шығыс Азияның басқа елдері шегірткенің бұрын-соңды болмаған шабуылын көрді. Ғалымдардың пікірінше, шегірткенің биылғы шапқыншылығы әлемде апаты жағдай орнатуы мүмкін",– деді Алмабек Марс.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу