Шегірткеден төнген қауіп

726

Шегірткеден төнген қауіп

Енді рет-ретімен жеткізсек. Шегірткеден тағы қауіп төніп тұр. Әсіресе, биыл ол Сыр өңіріндегі егістікті жайлап кетуі мүмкін. Сондықтан қазір өңірде фитосанитариялық күрес іс-шаралары әзірден бастылып отыр. Аймақта арнайы жұмыс тобы құрылып, алқаптарға дәрі себілуде. Сала мамандарының айтуынша, Қызылорда облысында биыл 68 378 гектар жер италиялық прус шегірткелеріне қарсы өңделмек екен. Дегенмен ең қауіптісі азиялық шегіртке болып  тұр. Олар жайлауы ықтимал 84 947 гектар жер химиялық өңдеуден өткізілуі тиіс. Әзірге жұмыстар 27 мамырдан 30 маусымға дейін жалғасады деп жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу