banner

Шегірткеге қарсы 8640 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі

1039

Атырау өңірінде үйірлі шегірткенің азияттық жəне итальяндық прус деп аталатын екі түрі кездеседі.

Шегірткеге қарсы 8640 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі

Атырау облысының  Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылдық округінде далалық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Штаб отырысында шегіртке тектес зиянкесірге қарсы тұру мәселесі көтерілді. Осы орайда, үйірлі шегірткемен күресу үшін химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

"Биыл судың аз келуіне байланысты, шегіртке тектес зиянкестердің шығатын аумағы ұлғаю қаупі бар. Сол себепті, бүгінгі штаб отырысында, осы мəселенің алдын алу мақсатында барлығымыз жиналып отырмыз. Өңіріміздегі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына зиян келмеу үшін бірлесіп жұмыс атқаруымыз керек", – дейді Атырау облысы əкімінің орынбасары Əлібек Нəутиев.

Өңірде үйірлі шегірткенің азияттық жəне итальяндық прус деп аталатын екі түрі кездеседі. Азият шегірткесі көлтабандар мен қамысты алқаптарда мекен ететін болса, итальян прусы мал жайылатын жайылымдарда жүреді.

"Жылда инспекция өз жұмысын атқарып келеді. Биыл республикалық бюджеттен облыс бойынша, үйірлі шегірткелерге қарсы 8640 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек. Жер үсті тəсілімен жүргізілсе, қолайсыз көлік бара алмайтын жерлерге жеңіл дельталет арқылы əуе тəсілімен өңделеді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен саяқ шегірткеге қарсы 3540 гектарға химиялық өңдеу жұмысы жүргізілетін болады", – дейді ҚР АШМ АӨК МИК-нің Атырау облыстық аумақтық инспекция басшысы Абат Жанғалиев.

Штаб отырысына "Россельхозцентр" ФМБМ Астрахань облысы филиалының басшысы Виктор Шляхов қатысып, бірлесіп жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталды. 

Жиын соңында облыстық аумақтық инспекциясы үйірлі шегірткеге қарсы тұру үшін облыс көлеміне бүріккіш техникалар қажет екенін ұсыныс ретінде айтып хаттамаға енгізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу