Шегірткелер Өзбекстан мен Ресейден келуі мүмкін

228

Көрші елдердегі уәкілетті органдармен байланыс орнатылып, зерттеу жұмыстары бірге жүргізілді.

Шегірткелер Өзбекстан мен Ресейден келуі мүмкін Фото: Pixabay.com

Негізгі мәселелердің бірі - шекаралас аймақтарға тиісті зерттеу, мониторинг жұмыстарын жүргізу. Өзбекстан және Ресей елдерімен шекаралас аймақтарда шегірткелердің таралу қаупі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, көрші елдердегі уәкілетті органдармен байланыс орнатылып, зерттеу жұмыстары бірге жүргізілді.

"Өзбек мамандарымен бірлескен тексерулер жүргізілді. Ресейлік әріптестермен Қостанай, Ақтөбе облыстарында бірлескен тексерулер жүргізілуде. Соның арқасында шекара аумағында жағдай тұрақты", - деді спикер. 

Оның айтуынша, ауа райының бұзылуы, жаңбырдың жаууы немесе желдің күшею өңдеулерді және мониторинг шараларын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдай Ақтөбе, Қостанай облыстарында байқалуда. Осыған байланысты өңдеу көлемінің ұлғаю қаупі бар. Сондықтан дайындық шаралары пысықталуда. 

"Қосымша препараттармен қамтамасыз ету бойынша өндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, шамамен 500 мың га жерге қажет препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар", - деді вице-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу