Шегірткелердің таралу аймағын бақылауға дрондар пайдаланылады

258

Бір дрон 4-5 адамның жұмысын атқарады.

Шегірткелердің таралу аймағын бақылауға дрондар пайдаланылады Фото: Үкімет

2024 жылы Болжау-әдістемелік орталығының ақпаратына сәйкес, 2,5 млн га жерде өңдеу шараларын ұйымадстыру болжанған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішіндегі ең ірі алқаптар – Ақтөбе (784,4 мың га); Қостанай (775 мың га), Түркістан (271 мың га)  облыстарында үйірлі шегірткелердің таралуы болжанды. 

"Үйірлі шегірткелерге қарсы күреске 8,1 млрд теңге қаражат қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,2 млрд теңге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен – 3,9 млрд теңге. Бұл қаражаттың барлығы осы зиянкестерге қарсы препараттар сатып алынып, өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруға мердігерлермен тиісті келісімшарттар жасалды", – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

Сонымен қатар, Үкімет деңгейінде және өңірлерде жергілікті деңгейде шегірткелермен күрес жұмыстарын үйлестіру бойынша жедел штабтар құрылды. 

"Бізде Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжам жасау методикалық орталығы бар. Ондағы 1400-ден аса қызметкер шегірткелердің саны мен таралуына қатысты болжам жасайды. Сонымен қатар биыл Түркістан облысының үлгісімен еңбек биржаларынан адамдар тартылды. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуына байланысты біз енді дрондарды пайдалана бастадық. Бір аппарат 4-5 адамның жұмысын алмастырады", – деді  ҚР АШМ АӨК МИК төрағасы Дархан Әбдікәрімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу