Шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге бөлінеді

1181

Бүгінгі күні барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 70%-ы өңделген.  

Шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге бөлінеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс шегіртке және басқа да зиянкестермен күрес жайлы мағлұмат берді. Биылғы жылы шегіртке 554 мың гектар алқапқа тараған.

"Саяқ шегіркелер мен зиянкестер 266 мың гектар алаңды басады деп болжанып отыр. Шегірткемен күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 1,5 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр. Бөлінген қаржы пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін барлық болжамды алаңға сатып алуға мүмкіндік береді. Үйірлі шегірткеге қарсы тиімді жұмыс жүргізу үшін жедел штабтар құрылып, зиянкестердің ошақтары анықталды. Бүгінгі күні барлығы 165 мың гектар алқап (70%) өңделді", – деді Алмабек Марс.

Министрлік өкілінің сөзінше, уақытылы жүргізілген фитосанитарлық шаралардың арқасында, шегірткенің таралу аумағы 2018 жылғы 1,7 млн гектардан биыл 524 мың гектарға дейін азайған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу